Медиа өсекке емес, жүрегіңізге сеніңіз.
Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен пікір алмасты. "Қаңтар оқиғасына қатысыңыз бар ма?" деген оқырман сауалына ақтарыла жауап берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Саналы ғұмырымды бүліктің алдын алуға жұмсап келемін. Қатысым қайдан болсын?! Медиа өсекке емес, жүрегіңізге сеніңіз", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.
Ал нақты немен айналысатынын сұраған оқырманына отбасына көңіл бөлумен, өзін жан-жақсы дамытумен, бизнес және ағартушылық жұмыстармен айналысатынын айтқан.
Бұған дейін "Бір ғана әйеліңіз бар ма?", - деп сұраған оқырманына "Иә", - деп жауап берген Мұхамеджан Тазабек бұл жолы Instagram-ның сұрақ-жауап айдарында көп әйелділік туралы сөз қозғады. "Әйелдерді қуантқан тағдырым бар", деп жұмбақтап жауап берген ол кейін кеңірек тоқталып өтті.
"Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім ғой. Ең керегі әділдік, әділдік, әділдік! Содан соң, сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық...", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.
Бұдан бөлек үлкен ұлының ер жетіп қалғанын, келін іздеп жүргенін де айтып өтті.