$ 495.2  522.34  4.94

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентіне көңіл айтты

Селден қазақстандық 4 бала көз жұмды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірмі", — деп жазылған жеделхатта.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Қырғызстанда селден 9 адам адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Артынша сел салдарынан қазақстандық 4 бала көз жұмғаны белгілі болды. Бүгін балалардың денесі елге жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары