2024 жылғы 28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды.
Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Екібастұз қаласында "Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын",- делінген ақпаратта.
2024 жылғы 28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Нәтижесінде № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды.
Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.
Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.
Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті оқиғаға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
2024 жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғыртуды жеделдету қажет екенін мәлімдеді. Оның ішінде Екібастұздағы ГРЭС туралы да сөз болды.