11.08.2014, 12:15

Қазақстандық ата-аналар мектеп оқулықтарын сатып алуға мәжбүр

Сурет: zhasorken.kz

Мемлекет оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етуге міндетті емес. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

— Әрбір адам оқулықтарды тегін пайдалануға балалардың белгілі бір санатының — аз қамтылған балалардың, жетімдердің, ата-анасының қарауынсыз қалғандардың құқылы екені көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің барын білуі керек. Бұл санат республика бойынша тегін оқулықтармен 100 пайызға қамтылады. Бұл санат бойынша бізде мәселе жоқ. Екінші санат — бұл жыл сайын, тамыз қарсаңында балаларды мектепке апару керектігін еске түсіретін ата-аналар мен жұртшылық, ата-аналар жазды бей-берекет өткізгеннен кейін оқу жылы алдында әбігер басталады, кітап дүкендерінде дүрлігу, оқулық тапшылығы, — дейді Е. Иманғазиев.

Оның айтуынша, оқу жылының аяғына дейін директорлардың бәрі ата-аналар жиналысын өткізіп, сыныптардың қандай авторлар, қандай оқулықтар бойынша дайындалатыны туралы хабарландыру іледі. Бұл жағдайда біз қор бар. Алдымен аса мұқтаждар мүмкіндігіне қарай қамтамасыз етіледі. Егер мектеп кітапханасында мүмкіндік болса, ол аса мұқтаждардан соң келесі санатты қамтамасыз ете бастайды. Бұл ретте, барлық ата-аналардың оқулықты сатып алуға мәжбүр болмауы ойластырылуда.

Шенеуніктердің айтуынша, Астанада мектеп оқулықтарының жетіспеуіне көші-қон процестері себеп болуы мүмкін.

— Белгілі бір аумақта оқулықтарға 340 млн. резервке алынып қоюы мүмкін, бірақ өткен жылдың көрсеткіші бойынша. Ал, биыл мысалы, Астанада оқушылардың қатары көбейіп кетті, сондықтан өзгерістер болады, — деді Иманғалиев.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Мектепке жол» акциясы аясында 16-23 тамыз күндері орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтетіні де хабарланды.