$ 479.38  531.63  5.27

«259 млн теңге»: «Барыстың» жаңа хоккейшісінің жоғары жалақы алатыны рас па?

30 жастағы хоккейші 2 шілдеде "Барыспен" біржақты келісімшартқа отырған еді. 

Фото: hcbarys.kz
Фото: hcbarys.kz

Telegram-дағы "Правый хват" арнасында астаналық "Барыстың" жаңа ойыншысы, ресейлік Дамир Жафяровтың жалақысы туралы айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл мәліметті хоккей комментаторы әрі сарапшы Михаил Зислис айтып берді.

"Шабуылшы мансабындағы ең үздік бапкер Давид Немировскидің жетекшілігімен ойнайды және 50-55 ұпай жинауға қабілеті жетеді. Маған жеткен мәлімет бойынша, Жафяровтың жалақысы – 550 мың доллар (259 миллион теңге)", - деді Михаил Зислис. Жафяров Құрлықтық хоккей лигасында шамамен 650 матч өткізген. 

30 жастағы хоккейші 2 шілдеде "Барыспен" біржақты келісімшартқа отырған. Келісімшарт 1 маусымға жасалған және 2025 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары