$ 494.87  520.65  4.91

«Құранда бұл туралы ештеңе жазылмаған». Шариғат бойынша үш рет кездесіп, үйлену дұрыс па?

Көп қыз осы үш реттен артық кездесуге болмайды деп естіп, оған сенгендіктен, өзін мәжбүрлеп тұрмысқа шығып жатыр екен. Кейіннен осы үшін өкініп, "дұрыс таңдауым керек еді, қарауым керек еді, біліп алуым керек еді" деп жүреді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгінде қоғамда "үш рет кездесіп, үйлену" деген үдеріс танымал. Шариғат бойынша деп осы жолмен үйленіп жатқандар қаншама, оның арасында тіпті Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова секілді өнер иелері де бар. Алайда Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, ұстаз Елдос Жұмаділдә шариғатта "үш рет кездесіп, үйлену керек" деген үкім жоғын айтады. Ол керісінше, отау құрмас бұрын екі адам бір-бірін танып, өмірлік құндылықтарын білуі маңызды екенін алға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұстаз Елдос Жұмаділдә "үш рет кездесіп, үйленуге" қатысты пікірін "Арал мешіті" Youtube-арнасының "Қоғам дерттері" жобасына берген сұхбатында білдірді. Ол мұндай дүниенің кімнің қайдан шығарып алғанын білмейтінін жасырмады, деп жазады Massaget.kz.

"Біздің жастарда "үш рет кездескеннен кейін үйлену керек" қате бір түсінік бар. "Үш рет кездесіп, үйлену" деген сөзге жарнама жасалынып жүр. Мен жалпы адамдардың үш рет кездесуі деген дүниені қайдан тапқанын білмеймін. Шариғатты қанша оқыдық, өзге де оқыған адамдардың қаншамасынан сұрап шықтық, ешқандай кітапта "үш рет қана кездесіңдер де, алыңдар" деген нәрсе жоқ, жазылмаған.

Осы орайда бұл тақырыпты көтеруімнің себебін түсіндірейін, көп қыз осы үш реттен артық кездесуге болмайды деп естіп, оған сенгендіктен, өзін мәжбүрлеп тұрмысқа шығып жатыр екен. Кейіннен осы үшін өкініп, "дұрыс таңдауым керек еді, қарауым керек еді, біліп алуым керек еді" деп жүреді. Ерлі-зайыптының ажырасып кетпеуіне әсер ететін фактордың бірі - екі адам бір-бірін танып, бір-бірі туралы жан-жақтан сұрастыруы. Шариғат бізге не дейді? "Адам туралы өзіңе керек барлық мәлімет жиналғанша, кездес" дейді. Керек ақпаратты 3 не 5 кездесуде біле алмасаңыз, онымен тағы жүздесіп, сұраңыз. Әлбетте, шарттарды сақтану керек. Шегі жоқ дегенім, 100 рет кездесу емес. Әркімнің ойында "менің болашақ жұбайым осындай болуы керек деген шарттары" бар. Міне, осы ең маңызды факторларын біліп алу керек", - дейді ұстаз Елдос Жұмаділдә.

Ұстаздың айтуынша, болашақ жары туралы маңызды факторларды біліп алған жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары