Сонымен қатар, ШЫҰ саммиті келесі жылы Қытайда өтетіні белгілі болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Астана декларациясы қабылданды. Құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар, ШЫҰ саммиті келесі жылы Қытайда өтетіні белгілі болды.
Мемлекет басшысы қолдағандары үшін Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен шын жүректен құттықтап, Қытай тарапына табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті.
– Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына, Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.