04.07.2024, 17:00

Каспий бекіресі: ШЫҰ мемлекет басшыларына түскі асқа қандай тағам ұсынылды (ФОТО)

Фото: Pixabay

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты.

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ас мәзірінде: бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, лайм сорбеті, карамельді грильяжбен ванильді суфле, сондай-ақ, қой етінен қуырдақ, сиыр етінен тұшпара сорпасы, бұзау етінен чебурек болды. Каспий бекіресі филесі, ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен «брискет» те ұсынылды.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды.