05.07.2024, 13:20

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындалуда (ВИДЕО)

Фото: janibek_alimkhanuly

Бұйыртса нәтижесін 13 шілде көретін боласыздар!

Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке арналған жаттығулардан бейне жариялады.

Спарринг қарсыластарым! Жекпе-жекке 100% дайын шығуға көп көмегін тигізіп жатыр. Бұйыртса нәтижесін 13 шілде көретін боласыздар!, - деп жазды ол.