$ 495.2  522.34  4.94

«Разовый еркекті табар»: Қоғам белсендісі 50 жылда әйелдерге күйеу керек болмайтынын айтты

Әйел қазірдің өзінде ақша тауып, жағдайын жасауды үйренді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алдағы уақытта әйелдер еркекті тек бала табу үшін ғана қажет етуі мүмкін. Бұл туралы қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Байқаймын, енді бір 50 жылда әйел атаулыға күйеу керек болмайды-ау...

Разовый еркекті табар, бірақ, отбасы институты деген болмайтын сияқты. Әйел қазірдің өзінде ақша тауып, жағдайын жасауды үйренді. Таңдаған еркектен бала табуды білді, болды. Ал болашақта еркекке заңды әйел керек бола ма, жоқ па, білмедім. Оны «зерттеу» керек сияқты», - деп ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Оның жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

 «Әйел өз бетінше өмір сүре алады, ал еркек жоқ. Сондықтан көзқарасты өзгерту керек. Бәрібір бұрынғыны аңсағанмен енді ол дәуір оралмайды», «Еркек те ер болуға талпынып, жанұясын қамтамасыз етемін деген еркектен әйелдің қашқанын көрмеппіз» десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары