$ 480.55  533.75  5.36

Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары