Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.