07.07.2024, 00:30

Юлия Путинцева әлемнің 1-ракеткасын жеңді (ВИДЕО)

Фото: ktf.kz

Осыған дейін ол Швентектен басым түсіп көрмеген еді.

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің үшінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, поляк қызы Ига Швентекке тап келді. Осыған дейін Путинцева Швентектен бір сет басым түсіп көрмеген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Ига шеберлік танытты – 6:3. Есесіне екіншісінде қазақстандық спортшы күш алып кетті – 6:1. Содан кейін үшінші, шешуші сетте де 4:0 есебімен алға озды. Ақыры үшінші матчболын пайдалана білді – 6:2.

Юлия Путинцева өз мансабында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші кезеңіне жетті.

Ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен таласады.