$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Қазақстанда жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте көпқабатты үйдің 3-қабатындағы терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды.

Оқиға 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ол үшін:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.

Қазақстанда жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары