$ 479.38  531.63  5.27

EURO-2024: Нидерланды Түркияны жеңіп, жартылай финалға шыққан соңғы команда атанды (ВИДЕО)

Жеңіліп тұрып, керемет камбэктің арқасында ұтты. 

Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан төртінші команда анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол – Түркияны негізгі уақытта жеңген Нидерланды құрамасы.

Негізгі уақытта жеңген деп бекер айтып отырғанымыз жоқ. Бұған дейін ширек финалда болған үш ойынның бәрі де тең аяқталып, матч тағдыры не пенальтиде, не овертаймда анықталып жатты. Ал, Куман шәкірттері түріктерден 0:1 есебімен жеңіліп тұрып, керемет камбэктің арқасында ойын тағдырын өз пайдасына шеше алды.

Алғашқы голды 35-минутта Самет Акайдын соққан. Есепте алда тұрғанына қарамастан Түркия құрамасы қорғанысқа жатып алмай, Нидерланды қақпасына қауіпті шабуылдарын тоқтатқан жоқ. Десе де, Депай бастаған нидерландықтар 70-минутта есепті теңестірсе (Стефан де Врей), араға алты минут салып түрік Мерт Мюльдюр автогол авторы атанды.

1bol.kz сайтының жазуынга, алғашында гол авторы ретінде Коди Гакпо жазылса, артынша бұл мәліметке өзгеріс енгізілді.

Осылайша, Нидерланды құрамасы жартылай финалға жолдама алып отыр. Енді Куман шәкірттері финалға шығу үшін Англия құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары