$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары