$ 480.55  533.75  5.36

Оралдағы лагерьде 10 жастағы баланы сабаған: Директор жұмыстан қуылды

Айтуынша, оны 8-10 шақты жігіт спорт залда, көшеде ұрып-соққан.

Фото: Мой город
Фото: Мой город

Батыс Қазақстан облысында лагерь директоры жұмыстан босатылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша білім басқармасы басшысының м.а. Лаура Батырғалиеваның айтуынша, тәлімгер де жұмыстан босатылып, білім басқармасы тексергеннен кейін тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылған.

"Балалар және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді", - деді Батырғалиева.

Еске сала кетсек, 10 маусымда Оралда 10 жасар бала мен оның әпкесі "Атамекен" балалар лагеріне жіберілген.

“Қызым балалардың бірінің телефонын алып, 14 маусымда маған қоңырау шалып, баламды лагерде ұрып-соғып жатқанын айтты. Кешке барып балаларды алып кеттім. Себебі ол жақта балаларға ұнамайды деп ойладым. Сол кезде балаларды лагерь директорының өзі шығарып салды. Үйге келген соң ұлым денесіндегі көгерген жерлерін көрсетті. Ұлымның аяғы, қолы мен денесі көгерген. Айтуынша, оны 8-10 шақты жігіт спорт залда, көшеде ұрып-соққан. Неге мұндай жағдай орын алды? Бұған қалай жол бердіңіздер?” – дейді баланың әкесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары