$ 472.49  515.44  5.41

Астана әуежайын су басты (ВИДЕО)

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Фото: видееодан алынды
Фото: видееодан алынды

Астанадағы халықаралық әуежайдың төбесінен су ағып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде әуежайдағы келеңсіз жағдай түсірілген видео тарады. Әлгі видеолардан әуежайдың су ағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатқаны байқалады. Тіпті біраз жүктің су болғаны көрініп тұр.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мердігер құрылыс компаниясы Астана әуежайының халықаралық терминалында су құбырына зақым келтірді. Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, зақымдануды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары