Жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары ойнайды. Финал 24 қарашаға жоспарланған.
Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған турда D тобындағы командалар түйіндеді.
Елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспийін» 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында елордалық клубтан Ннамди Аханону 18, Эльхан Астанов 35, Карло Бартолец 62, Марин Томасов 79, Станислав Басманов 82-минутта мергендік танытты.
Осылайша олар қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.
Бұл топтағы тағы бір кездесуде Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» 2:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ А тобындағы «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) 1:1 есебімен тең ойнаса, Оралдың «Ақжайығы» «Таразға» 0:2 есебімен жол берді.
Айта кетсек, 6 шілдеде В тобында «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) клубына 0:1 есебімен жол берді.
Ал 6 шілдеде С тобында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірсе, «Тұран» (Түркістан) «Атырауға» 0:2 есебімен жол берді.
Енді үшінші тур ойындары 20 және 21 шілде күндеріне белгіленген.
Жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары ойнайды. Финал 24 қарашаға жоспарланған.