08.07.2024, 22:30

Ақтөбеде бірнеше адамды пышақтаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Фото: globalnews.kz

Оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді.

2024 жылдың 8 шілдесінде әлеуметтік желілерде Ақтөбеде ер адамның үш адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің жеке басын анықтап, ұстағанын, бірақ зардап шеккендердің саны нақтыланбағанын айтты.

«Хабар келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді. Заңсыз әрекеттер тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД.

 Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.