$ 494.87  520.65  4.91

Оралда үш жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Оралда 7 шілдеде оқыс үш жасар бала терезеден құлап кетті. Оны аман алып қалу мүмкін болмады. Балақай дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Оралда 7 шілдеде сағат 22:50-де 2019 жылы туған кішкентай балақай бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

«Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция хабарламасында.

Дәл осы күні Оралда тағы бір осыған ұқсас жағдай болды – бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары