09.07.2024, 11:40

Қазақстанға келген танымал трансгендер-блогер таяқ жеп қала жаздады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Онымен кездесуге адам көп жиналды.

Саяхаттаушы блогер және трансгендер Дэвин Халбал жақында Алматыға келіп, оқырмандарымен кездесу ұйымдастырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің алдында блогер өзінің TikTok-парақшасында Алматыда жүргенін айтып, бірнеше видео жариялаған болатын. Онымен кездесуге адам көп жиналды.

Алайда оқырмандарының қолдауымен қатар блогер жағымсыз жайтқа тап болды. Блогер өзінің Instagram-парақшасында оған бетперде киген төрт адам шабуыл жасағысы келгенін айтты.

"Кеше кездесуде маған бетперде киген 4 адам шабуыл жасағысы келді (менің болмысым үшін). Алайда қасымда адамдар болды және оларға кедергі келтірді. Адамдардың жүрегінде ашу бары күлкілі және қорқынышты", - деп жазды Дэвин Халбал.