$ 494.87  520.65  4.91

Тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлекке қатысты пікір білдірді

12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады. 

Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесінде 1 балл жинаған түлекке қатысты Ұлттық тестілеу орталығының мамандары пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орталық Ерасыл Уалиевтің 12 және 30 маусымда тестілеуден өткенін айтты, яғни түлек екі рет негізгі тест тапсыру мүмкіндігін қолданған.

12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн, - деп түсіндірді ведомстводан.

Сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Бұған дейін Ерасыл Уәлиевтің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 1 балл жинап, әлеуметтік желіде жұлдызға айналғанын хабарлаған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге берілді

ҰБТ-да рекорд: Ауылдың баласы бірде-бір сұраққа қателеспеген

«Қазақстан ҰБТ үшін шетелден қарыз алған»: Саясат Нұрбек мән-жайды түсіндірді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары