$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан ҰБТ үшін шетелден қарыз алған»: Саясат Нұрбек мән-жайды түсіндірді

Қаржы тегін берілді деуге де болады.

Фото: https://t.me/SayasatNurbek
Фото: https://t.me/SayasatNurbek

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен 2017-2018 жылдары ҰБТ жүйесін реформалауға халықаралық банктен қарызға алынған 9,3 млн доллардың есебі сұралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бақ өкілі министрден «Кадрларды даярлау, кабинеттерді әзірлеу, ҰБТ жүйесін реформалауға Қазақстанның ақшасы жетпеді ме?» деп сұрады.

«Бұл негізінде несие емес, қарыз. Халықаралық қайта құру және даму банкі реципиент мемлекеттерге көп жеңілдікпен береді. Үлкен қарыз жүктемесін талап етпейді. Оған бөлек келісім бар. Мұның бәрі Қаржы министрлігі арқылы өтеді. Сондықтан қаржы тегін берілді деуге де болады. Ал ол кезде дайындыққа бюджетте қаражат болмаған болар. Ол жағын мен білмеймін. Біз жобаға соңғы сатысында қосылдық. Министрліктерді бөлген кезде,  бізге қаржының қалғаны - 1,8 млн ғана берілді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары