$ 480.55  533.75  5.36

«ҚТЖ-ның қарызы бола тұра қызметкерлеріне сыйақы беріле ме»: Министр жауап берді

2023 жылы компанияның таза табысы 134 млрд теңгені құрады.

Фото: rail-news.kz
Фото: rail-news.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев министрлер кабинетінде өткен брифингте "ҚТЖ қызметкерлеріне сыйақы беріле ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Жоғарғы есеп палатасының басшысы Әлихан Смайылов ұлттық компанияның қарызға батып, әрең күн көріп отырғанын айтқан болатын. Ал ақпарат кеңістігінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық холдингі қызметкерлеріне қомақты сыйақы бергені туралы дерек тарады.

Түсініктеме берген Марат Қарабаев ұлттық компаниядағы премия беру туралы шешім дербес қаралатынын айтты.

Осыған сүйене отырып, компания басшылығы және бірінші кезекте директорлар кеңесі пайда әкеулге үлес қосқан жекелеген қызметкерлерді марапаттау туралы шешім шығарды деп ойлаймын. Бұл шаруашылық субъектісі және оның қызметі, оның ішінде премия мәселелері оның экономикалық қызметі болып саналады. Ал компания қай қызметкерге сыйақы төлейтінін, қайсысына төлемейтінін дербес шешеді, - деді министр.

Сонымен бірге Қарабаев ҚТЖ компаниясы 2020 жылдан бері табысты компания болғанын атап өтті.

Жолаушылар мен локомотив парктерін жаңарту бойынша барлық ірі жоба ұлттық компанияның өз есебінен жүзеге асырылады. Бір бөлігін мемлекет субсидиялайды. Бұл жолаушылар тасымалына бойынша да. Енді бұл несие көлемі 2,9 трлн теңге жылжымалы құрамды жаңартуға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Бірақ осы күнге дейін ҚТЖ бірде-бір несие бойынша дефолтқа жол берген емес. ҚТЖ-ның барлық несиесі уақытында өтелді. Оның үстіне компания 2020 жылдан бері табысты болды. Ал өткен 2023 жылы компанияның барлық қарызы мен міндеттемелерін өтегеннен кейінгі таза табысы 134 млрд теңгені құрады, - деп сендірді Көлік министрлігінің басшысы.

                                                                            

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары