$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда жолаушы автобус жүргізушісіне себепсіз шабуылдап, бетінен ұрған (ВИДЕО)

Жүргізуші ауруханада медициналық көмекке жүгінген.

Ақтауда ер адам автобус жүргізушісіне себепсіз шабуылдап, ұрып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 7 шілде күні  №2 автобуста болған. Жолаушының әрекеті автобус ішінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кадрларда кондуктор автобус жүргізушісіне бара жатқан ашулы адамды тоқтатуға тырысып жатқанын көруге болады. Бірақ кондукторға дес бермей, жүргізушінің жанынан бір-ақ шыққан ер адам оны жұдырықпен ұрады.

№2 автобус маршрутының иесі Руслан Ахметнәбиевтің айтуынша, жүргізуші Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына медициналық көмекке жүгінген. 

Полиция қызметкерлері мән-жайды тексеру үшін келуі керек. Жолаушы салонда дөрекі сөздер айтып, кондуктор оған ескерту жасаған. Алайда алдымен кондуктормен жанжалдасып, кейін жүргізушіге еш себепсіз тап беріп, оны ұрды. Камерада біз жүргізушінің бұл адамға ешқандай ескерту жасамағанын көрдік. Қайта бұл оқиға аялдамада тоқтап тұрған кезде болған. Әйтпесе дәл Алматыдағы қайғылы жағдай қайталануы мүмкін еді. Меніңше, мұндай фактілерді қатаң түрде тоқтату керек. Бұл әзіл емес, – деп түсіндірді Руслан Ахметнәбиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары