10.07.2024, 15:20

«91 млн теңге»: Ұлттық компания топ-менеджерлерінің қанша сыйақы алатыны анықталды

Фото: Pixabay

Сенат депутаты топ-менеджерлерге қомақты сыйақы берген жөн деп есептейді. 

Қазақстандық ұлттық компанияларда жұмыс істейтін топ-менеджерлердің жылдық сыйақысы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Компания қызметкерлері бір жылда 4 миллионнан бастап 91 миллион теңгеге дейін алып келген екен.

Қазақстандық "ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясының басқарма мүшесіне орта есеппен жылына 43 миллион теңге жұмсалған. Ал директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына берілетін сыйақы мөлшері 10 миллионнан асады. Басшылық құрамда бас-аяғы 18 адам. Оларға бір жылда жалпы сомасы 485 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған. Ал сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев топ-менеджерлерге жыл сайын қомақты сыйақы берген жөн деп есептейді. 

Ұлттық компаниялар ұлттық жобаларды іске асыру үшін болашақта біздің халықтың әлеуетін көтеру, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартатын жобаларды әкелуі керек. Әрине ол салада мықты маман болу керек. Біздің экономикамызға екі-үш есе пайда беретін болса, ол адам сыйақы алуы керек. Бірақ оның мөлшері белгілі болу керек. Ал ол адам тек ұлттық компанияда жұмыс істеймін, қағаздарды әрі-бері тасимын, сондай жұмыстармен отырамын десе, ондай адамға сыйақы берудің қажеті жоқ, – деді депутат Ғалиасқар Сарыбаев. 

Тегтер: сыйақы