10.07.2024, 17:20

«Не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер!»: Жәнібек Әлімханұлы тағы тосын мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бұған дейін ол жанкүйерлеріне үндеу жасап, бәс тігу мен құмар ойындардан аулақ болуға шақырған еді.

WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін нокаутпен аяқтайтынына сенімді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Боксшы 14 шілдеде Жаңа Зеландияның атының намысын қорғайтын Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді деп жоспарланған. 

«Сенбінің кешінде жылдам нокаут болады, иншаллах. Сондықтан жекпе-жектен кейін не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер», - деп  Әлімханұлы X желісіндегі  парақшасында жазды. 

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерінің иегері атанған болатын. Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шықты. Ол венесуэлалық Эдисон Сальтаринмен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңімпаз атанған болатын. 

Бұған дейін ол жанкүйерлеріне үндеу жасап, бәс тігу мен құмар ойындардан аулақ болуға шақырған еді.