$ 473.15  515.12  5.4

Қазақстан алғаш рет баскетболдан 3х3 World Tour Masters Almaty-2024 әлемдік турдың кезеңін қабылдайды

Оның ішінде Қытай, Швейцария, Пуэрто-Рико, Моңғолия, Сербия, Австрия, Литва және басқа да елдің спортшылары бар.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

FIBA 3х3 баскетболынан әлемдік турдың кезекті кезеңі 13-14 маусым күндері Алматы қаласының орталығындағы Республика Сарайында өтеді. Баскетболдан халықаралық федерацияның спорттық күнтізбесіндегі беделді шарасына 12 баскетбол командасы қатысады. Оның екеуі қазақстандық командалар. 3х3 баскетболы 2010 жылдан бері олимпиадалық спорт түріне жатадыдеп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біздің спортшылар әлемдік баскетбол тарихында алғаш рет жоғары деңгейлі жарыстарға қатысқалы отыр. Қазақстан - World Tour деңгейіндегі турнирді өткізетін Орталық Азиядағы бірінші ел. Алматыға 10 елдің командалары келеді. Оның ішінде Қытай, Швейцария, Пуэрто-Рико, Моңғолия, Сербия, Австрия, Литва және басқа да елдің спортшылары бар.

Бекжан Онжан, Алматы қ-сы Әкімдігі спорт басқармасы басшысының орынбасары:

 «Алматы қаласы экономикалық өсіммен қатар, спортты шаралар өтетін аймақ! Осы жылы ең беделді FIBA 3х3 Әлемдік тур сайыстарын өткізгелі отыр. Жарыс Республика Сарайының алдындағы алаңда өтеді. Онда көрермендерге арналған мінберлері,  шатыры бар арнайы корт орнатылады.  

Жарыстарды көру тегін. Тек ертерек келуді сұраймыз, себебі мінберлердегі орын саны шектеулі. Қазақстан атынан екі команда қатысады. Сондықтан, баршаңызды отандық спортшыларды қолдауға шақырамын! Алматы – рухы биік, ойы сергек, спортқа құмар адамдар қаласы. Әкімдік осындай керемет бастаманы қолдап жатқанына қуанышты».  

3х3 баскетболы – бұрынғы стритбол – 1950 жылдары АҚШ-тың кедей аудандарында пайда болған баскетбол түрі. Әдеттегі баскетболдан айырмашылығы – ойынға 3 адам ғана қатысып, алаңның жартысында ғана ойнайды. Сақина тек біреу ғана болады. Стритбол спорттың ресми түріне айналғаннан кейін, ережелер реттеліп, сәл өзгерді. 2010 жылдан бастап 3х3 баскетболы спорттың олимпиадалық түрі саналады.

World Tour 3х3 FIBA – ерлер арасындағы баскетбол командаларының қатысуымен өтетін халықаралық турнир. Оған түрлі қала қатысады. Жыл сайын желтоқсан айында 15 ойын кезеңі мен гранд-финал өтеді. 2024 жылы World Tour-ды Лозанна, Марсель, Шыңжаң, Гонконг, Әбу-Даби және басқа да ірі мегаполистер қабылдайды.  

Павел Шегай, WT Almaty-2024 турнирінің ұйымдастырушысы «Pilot Sport» жобалық тобының жетекшісі:

«World Tour жарыстарына қатысу үшін командаларға ұзақ дайындық пен халықаралық деңгейдегі іріктеу кезеңдерінен өту керек. Қазақстандық командалар бұған дейін мұндай беделді жарыстарға қатыспаған. FIBA-мен әріптестіктің арқасында Қазақстанға ойындарды өткізетін ел ретінде Алматыдағы әлемдік тур кезеңіне үш слот бөлінді. Біз ұйымдастырушылар ретінде, бір слотты ашық турнирде ұтысқа салдық. Онда Атырау командасы жеңіске жетті. Қалған екі слотты баскетболдан Ұлттық федерация сарапқа салды. Нәтижесінде, бір жолдаманы Алматы, екіншісін Қырғызстан командасы иеденді».

World Tour турнирі алғаш рет Орталық Азияда өтеді. FIBA 3х3 басқарушы директоры Алекс Санчез 2023 жылы Almaty Quest  турнирінде болып қайтқаннан кейін, FIBA жарыстарды Қазақстанда өткізуді ұйғарды. FIBA Almaty Quest турнирінің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, Алматыда одан да беделді жарысты өткізуді ұсынды.

Негізгі ойындардан басқа бағдарламада үш ұпайлы лақтыру сайысы (Shoot Out Contest) және жоғарыдан дом лақтыру жарысы (Dunk Contest) бар. 

Shoot Out жарысына турнирдің басты құрамындағы барлық командалар қатыса алады. Dunk Contest жарысына кәсіб баскетболшы-данкерлер қатысады (баскетболдағы бөлек бағыт). Жоғарыдан доп лақтыру — қызықты көрініске толы сайыстардың бірі. Әрбір данкер жоғарыдан доп лақтырып, сақинаға кіргізе алады. Оларды қазылар алқасы бағалайды.

World Tour Almaty трнирі тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы және FIBA YouTube арнасынан көрсетіледі https://www.youtube.com/fiba

 

Қосымша ақпарат: Татьяна Бендзь,  + 77773304131, tbendz@gmail.com

 

2024 жылдың 12-14 шілдесіне арналған кесте

12 шілде (жұма) Novotel Almaty City Center қонақ үйі (Достық даңғылы 104, Республика алаңы).

• 12.00-13.00 старт алдындағы баспасөз конференциясы (FIBA өкілі + Atyrau командасының капитаны + ұйымдастырушылар).

-14.00-15.00 3х3 әлемдік баскетбол жұлдыздарының жанкүйерлермен кездесуі

13 шілде (сенбі), Республика алаңы

• 15.00 біліктілік

• 15.30 ашылу салтанаты

• 16.00-21.30 негізгі топ ойындары

14 шілде (женсенбі), Республика алаңы

• - 17.15 ShootOut Contest және Dunk Contest (үш ұпайлық конкурстар)

• 18.00-22.00 play off ойындары

• 22.30 марапаттау рәсімі

Қосымша ақпарат пен аккредиттеу үшін хабарласыңыз: Татьяна Бендзь, + 7 777 330 4131, tbendz@gmail.com.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары