$ 495.2  522.34  4.94

Бишімбаевқа тамақпен бірге есірткі тасымалдаған - ІІМ жауап берді

Марихуана қосылған голубцы апарған.

Фото: Астананың Қылмыстық-атқару жүйесі
Фото: Астананың Қылмыстық-атқару жүйесі

ҚР ІІМ изоляторда жатқан Қуандық Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

7 шілдеде елордадағы тергеу изоляторында жатқан тұтқынға белгісіз әйел марихуана қосылған голубцы апарғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Stan.kz.

Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет тарады.

“№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. 

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.

Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуге тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары