Осындай ағаңның барына шүкіршілік, аман болсын.
Әлеуметтік желіде тойда ағасына ән арнаған баланың видеосы тарады. Автордың айтуынша, салтанатты кеш Арал қаласында өткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбаны Шарапат Маханбетжан атты асаба жүктеген. Ол Арал қаласында ұйымдастырылған тойда керемет сәттің куәгері болғанын жазыпты. Ал видеода кішкентай баланың үйленіп жатқан ағасына ән арнағанын аңғаруға болады. Ал ағасы інісінің әнін тыңдап, көз жасына ерік береді, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
"Әкесінің орнына әке болған ағасына ән арнады. Ағасы көз жасын тыя алмай жатыр. Әр іні өз ағасына әкесіндей құрмет көрсетсе, әр аға інісіне баласындай мейірім бөлмей ме?", - деді асаба.
Мұны көрген желі қолданушылары ағасы мен інісінің бауырмалдығына тәнті болды. Олар шаңырақ көтеріп жатқан азаматтың мейірімді екенін жарыса жазып жатыр.
"Ағасының жүрегі жұмсақ екені көрініп тұр", "Бауырлардың ынтымағы арта берсін", "Ағасы мейірімді екен", "Бақытты болсын", "Осындай ағаңның барына шүкіршілік, аман болсын", "Арқа сүйерің болсын", "Жаным-ау, бәрімізді жылаттың. Жұдырықтай жүрегіңнен айналдым" , "Көз жасын тыя алмай тұр. Жүрегі жұмсақ, нағыз қамқор аға", "Қосылып жыладым ғой", - деді жұрт.