$ 498.34  519.72  4.85

Футболдан Еуропа чемпионатының финалында Англия мен Испания кездеседі

Дортмундта өткен ойында ағылшындар камбэк жасады.

Фото: championat.com
Фото: championat.com

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші құрама анықталды. Англия жартылай финалда Нидерланд құрамасын жеңіп, екінші жолдаманы иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дортмундта өткен ойында ағылшындар камбек жасады. Бірінші болып 7-минутта Хави Симонс есеп ашты. Оның алыстан тепкен добын Пикфорд қайтарып үлгермеді. 

Араға 10 минут салып, Англия құрамасы пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Команда капитаны Харри Кейн 11 метрлік соққыны сәтті орындап, есепті теңестірді. 

Ағылшындар жеңіс голын ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда соқты. Екінші таймда Кейннің орнына алаңға шыққан Олли Уоткинс гол соғып, командасын финалға алып шықты. 

Англия ұлттық құрамасы қатарынан екінші рет Еуропа чемпионатының финалына шығып отыр. Шешуші ойында Испания құрамасымен кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары