$ 495.2  522.34  4.94

Қыз зорламақ болған ер адам Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды (ВИДЕО)

Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 2020 жылы Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылған. Ақырында ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

«Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады», - делінген Бас прокуратураның мәліметінде.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары