Qazaq style екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа жетті.
14 шілде күні таңда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Ол Лас-Вегаста жаңазеландиялық (тегі ресейлік) Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер!»: Жәнібек Әлімханұлы тағы тосын мәлімдеме жасады
Qazaq style екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа жетті.
Лас-Вегасқа аман-есен жетіп алдық, - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Қазақстандықтар Жәнібектің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады. Qazaqstan және QazSport арналары бокс кешінен хабар тарататын болады.