12.07.2024, 04:30

Қытайлық отбасы қазақ тілінде ән шырқап, көпшілікті елең еткізді (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Қытай қазақтары ма?

Қытайлық бір отбасы танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Сағындың ба?» әнін шырқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың қазақша ән айтқанын естіген желі қолданушылары дауысына тәнті болды. Желіде тараған видеодан отағасысының гитарада шертіп, ал әйелі мен баласының ән айтқанын байқауға болады. 

«Бала қазақ сөздерін айна-қатесіз айтты, ң мен н анық айтты», «Қытайдағы қазақтар ғой. Ң МЕН Ғ әріпін қазақтардан басқа ұлт айта алмайды бұлай», Қытай қазақтары ма» деп көпшілік жаза жөнелді.