Жеңімпаздың әлеуметтік желісіне 190 мың адам жазылған.
Америка Құрама Штаттарында Жасанды Интекллект (AI) модельдері арасындағы тұңғыш сұлулық байқауы «Miss AI» өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жеңімпазды адамдар мен нейрожелілерден құралған қазылар алқасы анықтады. Қатысушылар сұлулық, технология және әсер ету бойынша бағаланды.
Сонымен 1500 ЖИ аруларының арасынан хиджаб киген Мароккалық модель Кенза Лейли топ жеңімпаз атанды. Бұл туралы New York Post газеті жазды.
«Мен адамдар сияқты эмоционалды болмасам да, бұған шын жүректен қуаныштымын», - деді өмірде жоқ ару эксклюзивті сұхбатында.
Жеңімпазңға сый ретінде 20 000 доллар бас жүлде берілді. Әрине, сыйлықты ЖИ аруы емес, Лейлиге цифрлық өмір сыйлаған Phoenix AI технология бөлімінің басшысы қызметін атқаратын әйел алады.
Жеңімпаздың әлеуметтік желісіне 190 мың адам жазылған. Ол жазылушылармен жеті тілде сөйлеседі, сонымен қатар әйелдер құқықтарын насихаттайды және экологиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.
Байқауда екінші орынды 118 мың жазылушысы бар француз Лалина Валина иеленді. Қазылар алқасы оның стильді келбетін атап өтті. Үшінші орынға туристік травэл-блог жүргізетін португалиялық Оливия Си шықты.
2024 жылдың сәуірінде басталған және Fanvue World AI Creator Awards (WAICAs) тапсырысы бойынша алғаш рет өткен AI модельдік байқауы бүкіл әлемнен AI мамандарын өздерінің бағдарламалау шеберлігін көрсету мақсатында шақырды.