Телеарна бұл адамдардың Ауғанстанға сапары «Талибанның» бақылауында екенін жазған.
Ауғанстанның «Afghanistan International» халықаралық телеарнасы «Ауғанстанға аттанамыз» деген жас қыздар жайлы материалды аударып, таратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Azattyq Rýhy сайтының жазуынша, телеарнаның Instagram-дағы парақшасында 509 мың оқырман бар.
«TikTok желісінде 7 қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті», - деп жазған олар.
Сондай-ақ телеарна бұл адамдардың Ауғанстанға сапары «Талибанның» бақылауында екенін жазған.
«Әзірге бұл ықпалды адамдардың» Талибан» бақылауындағы Ауғанстанға келгені туралы ақпарат жоқ. Жалпы, көп адам Ауғанстан туралы осылай жазса, танымал боламын деген болжамға сүйенеді. Сондықтан TikTok-та көрермен мен пікірлер көп», - деп қосқан телеарна.
Бұған дейін желіде қара хиджаб киіп, көк туды жамылған қыздардың әрекеті желі қолданушыларының үрейін тудырған. Желіде мұндай әрекет жасағандарға қандай да бір жаза бар ма екені жайлы Ішкі істер министрлігіне сұрау жолданды. Әзірге жауап жоқ.