Ұстаздардың бірі студенттен микрофонды жұлып алған.
Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Самара қаласының Халықаралық нарық институтының орта кәсіптік білім беру факультетінің түлегі Надежда Новикова диплом табыстау салтанатты кешінде сабақ берген оқытушыларын сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Мен айтатын сөзімді дайындадым. Өкінішке қарай, маған оқуға тыйым салды. Бірақ мен өзімдікін айтамын. Құрметті ұстаздар мен студенттер! Халықаралық нарық институтына айтар жалғыз алғысым –әр түрлі іс-шарада өзімді көрсетуге мүмкіндік бергендігі. Ал ұстаздарға ешқандай рахметім жоқ. Дене шынықтыру пәнінің мұғалім Наталья Николаевна Радова жыл бойы ешкім емес екенімді айтумен болды. Өмірде ешқандай жетістік жетпеген деп қорлады. Музыканы сөндіріңдер, әріқарай жалғастырайын. Лилия Долгатовна Галиева ол мені әрқашан оқудан шығаруға тырысты, бірақ көріп тұрғаныңыздай, ол мұны істей алмады, – дейді студент.
Осыдан кейін видео үзіліп кеткен. Ұстаздардың бірі студенттен микрофонды жұлып алған. Ол бірақ кейін телеграм арнасында өз айыптауын жалғастырған.