БҚО әкімінің жуырда тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін білдірді.
«Ақжайық» футбол клубының ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірінші лигада өнер көрсететін оралдықтар бүгін Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе Жас»» командасымен ойнауы керек еді.
Іnform.kz агенттігінің жазуынша, «Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылардың осындай қадамға барғандығын айтқан.
Футболшылар облыс әкімдігіне барып, бес-алты ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғанын жеткізді.
БҚО әкімінің жуырда тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін білдірді.
«Ақжайық» турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді.