6 баланы қорлаған Ұ.Смановтың әйелінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған.
Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларын қинаған жергілікті емші ісіне сот нүкте қойған болатын. Бүгінде оның әйелі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
6 баланы қорлаған Ұ.Смановтың әйелінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
«Аталған факті бойынша жергілікті тұрғынның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- делінген қалалық полиция мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін беріп, үш жылдан бері азаптаған.