13.07.2024, 00:30

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында талып қалды

Фото: bassport.kz

Андрей Михайловичпен өтетін жекпе-жегі болмайтынын хабарлады. 

Қазақ боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында талып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. ​​​​

Talksport.com-ның журналисі, инсайдер Майкл Бенсон WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен өтетін жекпе-жегі болмайтынын хабарлады. 

"Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке болатын өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды", — деп жазды Бенсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.