$ 480.55  533.75  5.36

Жекпе-жек алдында ауруханаға түскен Әлімханұлы қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады

Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын. 

Фото: Спорт Шредингера арнасынан
Фото: Спорт Шредингера арнасынан

Кеше жаңазеландиялық қарсыласымен өтетін жекпе-жектің алдында талып қалған Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Әр қиындық артында жеңілдік бар. Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын. Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет. Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында. Біз жауынгерміз ғой. Мұндай сынақтар бізді сындыра алмайды, шыңдайды. Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетіміз. Қолдауларыңызға рақмет, - деп жазды Әлімханұлы.

Бокстың қазақ стилін насихаттап жүретін Жәнібек Әлімханұлына жанкүйерлері жылы лебіздерін жаудырды.

"Тез сауығып кет, Чемпион", "Бірінші байлық - денсаулық, мықты болып ораласың, бауырым", "Күтеміз, күтеміз, сен мықты болуың керек, әлі 3 салмақта Абсалют болып тарих жазу керек, Алла күш қуат берсін", - деп ықыласқа толы тілектерін жазды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен Лас-Вегасте (АҚШ) 13 шілде күні түнде болатын жекпе-жегінің алдында есінен танып қалған еді. Боксшының ауруханаға түсуіне байланысты жекпе-жек өтпейтіні жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары