$ 498.34  519.72  4.85

Қорғаныс министрлігі Отарда комаға түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта оның жағдайы - тұрақты ауыр.

Фото:  astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Жамбыл облысы Отар ауылында сарбаздың комаға түсуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кінәліге қатысты тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметші қазір Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальде жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Әскери дәрігерлер және басқа да мамандар оны күн сайын тексеріп, барлық емдеу шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты ауыр деп айтуға болады, бірақ жақсарулар бар, - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, өкілеттігін шамадан тыс асырған екінші әскери қызметшіге қатысты әскери-тергеу органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. Ол – келісімшарт бойынша әскери қызметте жұмыс істеген.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейд», - деді Р. Жангулин.

Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.

Еске сал кетейік, сарбаздың анасы Президенттің атына үндеу жариялағаны тараған еді. Артынша Мемлекет басшысы сарбаздың комаға түсуіне қатысты мән-жайды зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Клиникалық өлімді бастан кешкен»: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті

«Сөйлей алмайды»: Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

Бас әскери прокуратура алты айдан бері комада жатқан сарбаздың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары