Бір қойдың етін бүтіндей жеп, тауыса алмаса, екі қой төлеуге тиіс.
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлер де кездеседі. Солардың бірі – деңгене дәстүрі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, деңгене туралы "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында жазылған.
Бұл сайыс шарты бойынша екі немесе үш жігіт басын қосып, алдын ала бір үй таңдайды. Содан сол үйге бас сұғып, "деңгене" жеуге келгендерін айтады. Шарт бойынша үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар бір қойдың етін бүтіндей жеп, тауыса алмаса, онда олар үй иесіне екі қой төлеуге тиіс болады.
Кейбір деректерге сүйенсек, деңгене дәстүрі қыстың соңында етті сақтау қиынға түскен шақта белсенділікке ие болған.