$ 480.55  533.75  5.36

Дональд Трампқа жасалған қастандық кезінде екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қастандық ұйымдастырған адам туралы әзірге хабар жоқ.

Фото: Известия
Фото: Известия

Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

The Wall street journal басылымының мәліметіне сүйенсек, алғашқы оқ атылғаннан кейін саясаткер мінбенің артына тығылды. Экс-президентті оққағарлары сахнадан алып кетті. Сайлауалды науқанда түсірілген кадрлардан Трамптың құлағы мен бетінен қан ағып жатқанын байқауға болады. Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунг оның қауіпсіз жерде емделіп жатқанын айтты.

Қастандық салдарынан сайлау жиынында бір көрермен қаза тауып, екеуі ауыр жараланды.

«Трампты атқан адам ұсталды. Оны Құпия қызмет өлтірді», – деп хабарлайды WSJ.

Қастандық әрекетінен кейін Дональд Трамп мәлімдеме жасады.

«Америка Құрама Штаттарының Құпиялық қызметіне және барлық құқық қорғау органдарына Пенсильвания штатының Батлер қаласында болған атыс оқиғасында жедел әрекет еткені үшін алғыс білдіремін. Қаза болған адамның отбасына және жарақат алған адамның жақындарына көңіл айтамын. Қастандық ұйымдастырған адам туралы әзірге хабар жоқ. Оқ оң құлағымның үстін тесіп өтті. Құдай Американы жарылқасын!», – деді Трамп.

Оған жасалған шабуылға қатысты әлемдік көшбасшылар пікір білдіруде. Олардың қатарында Джо Байден, Илон Маск бар.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Трампқа қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары