$ 479.38  531.63  5.27

Қазақстандық футболшы Ресей Cуперкубогының үш дүркін чемпионы атанды(ВИДЕО)

Ойын «Волгоград Арена» алаңында өтті.

Фото: instagram.com/nurik028
Фото: instagram.com/nurik028

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік «Зенитпен» Ресей Cуперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа маусымның алғашқы кубогы үшін өткен кездесуде «Зенит» ұжымы «Краснодар» командасын 4:2 есебімен жеңді.

Ойын «Волгоград Арена»  алаңында өтті. Нұралы Әліп алаңға 66-минутта Родригаоның орнына шықты. Қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.  Алайда «Зенит» командасы Ресей Cуперкубогын тарихта 9-шы рет және қатарынан 5-ші рет жеңді. Ал Нұралы бұл жүлдеге осымен 3-ші рет ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары