Ойын «Волгоград Арена» алаңында өтті.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік «Зенитпен» Ресей Cуперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаңа маусымның алғашқы кубогы үшін өткен кездесуде «Зенит» ұжымы «Краснодар» командасын 4:2 есебімен жеңді.
Ойын «Волгоград Арена» алаңында өтті. Нұралы Әліп алаңға 66-минутта Родригаоның орнына шықты. Қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Алайда «Зенит» командасы Ресей Cуперкубогын тарихта 9-шы рет және қатарынан 5-ші рет жеңді. Ал Нұралы бұл жүлдеге осымен 3-ші рет ие болды.