$ 491.7  531.28  5.07

Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық сақталады

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер 15 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақмола облысының батысында, орталығында, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солүстік-батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 15 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі, түнде облыстың солтүстік-шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары