Қыз бассейнге туысымен келген.
Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайдың жексенбі күні болғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді.
«14 шілде күні 17:15-те Атырау облысы полиция басқармасының жедел кезекшісінен С.Мұқанов көшесі, №5 мекенжайындағы «Мұнайшы» орталық бассейнінде еркін жүзу кезінде 2014 жылы туған қыз суға батып, қаза болғаны туралы ақпарат түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.
Полиция кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қыз бассейнге туысымен келген.
«Кәмелет жасқа толмаған баланы бассейнге келіп, 16:00-ден 17:00-ге дейін бір реттік билет сатып алған. Тереңдігі 1 метрге жететін балаларға арналған бассейннің барына қарамастан суға батып кеткен.