Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған.
Қазақстанда жаңа комитет құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды.
Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану және оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі, - делінген хабарламада.
Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған.